Поэтикалық фигуралар
Қаралатын
мәселелер:
-
поэтикалық фигуралардың өзіндік ерекшеліктері;
-
айшықтаудың (фигураның) түрлері;
-
арнаудың табиғаты және түрлері;
-
қайталау және оның түрлері;
-
антитеза (шендестіру);
- градация (дамыту)
және оның түрлері;
- инверсия (сөз
орнын ауыстыру);
- эллипсис (сөз
тастап кету);
-
аллитерация мен ассонанс.
Әдеби
тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек болғанда
айшықтай да білу керек. Айшықтау, яки фигура (латын
сөзі-келбет, бейне)-сөз тіркестерін дағдылы синтексистік
қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен
құру. Мұндағы мақсат-сөздерге ерекше леп,
екпін беру, сөйтіп олардың әсерін күшейту.
Айшықтаудың
(фигураның) бірнеше түрі бар. Олар: арнау, қайталау,
шендестіру, дамыту, сөз орнын ауыстыру, сөз тастып кету, егіздеу
т.б. Енді осылардың өзіндік ерекшеліктеріне шолу жасайық.
Арнау-ақынның
немесе жазушының өзіне не өзгеге, кеде тіпті жалпы
жұртқа арнайы тіл қатуы, көпшілікке бағыштап
сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі. Арнауды Қ.Жұмалиев те,
З.Қабдолов та жарлай арнау, сұрай арнау, арлай арнау деп үш
түрге бөледі.
Жарлай
арнауға мысал:
Қалың елім
қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз
аузыңа түсті мұртың.
Жақсы
менен жаманды айырмадың,
Бірі
қан, бірі май боп енді екі ұртың…(Абай)
Сұрай арнауға мысал:
-Шырағым-ау,
шашың неге ағарды?
Әлде
біреу кемітті ме бағаңды?
Сенің
қара тұлымыңнан сипаған,
Сарғайдың
ба ойлап мендей ағаңды
-тентегім-ау
мұртың неге қыраулы?
Көрдің
бе әлде көп бейнетті, сынауды?..(Қ.Бекхожин)
Автор
бұл сауалдарға жауап күтеді. Ал, мына мысалда арнауда
қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді,
өйткені олар ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті.
Сұрай арнаудың мұндай түрлерін шешендік, яғни
риторикалық (грек-ділмар)айшық деп атады.
Азаны
шертер іштегі,
Аузыма
сөз түспеді.
Жұртым-ау,
кімнен айырылдық,
Ажал
сұм неткен күшті еді. (Д.Әбілев)
Ұлы ғалым Қ.Сәтбаев қайтыс
болғанда, аза тұтып айтқан өлеңі-зарлай
арнаудың үлгісі.
Айшықтаудың (фигура) бір
түрі-қайталау-сөз әсерін күшейте отырып,
оқырман назарын айрықша аударғысы келген ойды немесе
құбылысты бірнеше рет қайталап, ұғымға мұқият
сіңіру, қайталаудың өзі жай қайталау, еспе
қайталау, әдепкі қайталау (анафора-грек сөзі, биікке
шығару), кезекті қайталау (Эпифора-грек сөзі, соңынан
алып жүру) бірнеше түрге бөлінеді.
Фигураның
енді бір түрі-шендестіру, яки антитеза (грек сөзі
қарама-қарсылық)-бір-біріне кереғар
құбылыстарды, мән-мағынасына әр тарап ұғымдарды,
түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара
қарсы қою арқылы сипатын, кескін-кейпін анықтау,
аңғарту, елесту. Мысалы:
Біреуі
көк, біреуі жер тағысы
Адам
үшін батысып, қызыл қанға.
Қар
аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,
Ұқсайды
қаса сұлу шомылғанға… (Абай)
Фигураның тағы бірі-дамыту, градация, (латын
сөзі бірден-бірге күшейте беру)-алдыңғы сөзден
соңғы сөзді, алдыңғы ойдан, соңғы
ойды, ілгергі құбылыстан, кейінгі құбылысты асыра
асқақтата түсу. Мысалы:
Қиқу
салып құзға ұшқан,
Құзан
суып, мұзға ұшқан,
Мұздан
биік бұлтқа ұшқан,
Бұлттан
биік көкке ұшқан,
Қарулы
қыран кім еді? (Т.Жароков)
Қазақ поэзиясында қолданылу сипаттарына
қарай градацияны шартты түрде Е.Ысмайылов та, Қабдолов та
екіге бөледі: Түйдектеу, баялату. Айшықтаудың келесі
түрі-сөз орнын ауыстыру яғни инверсия (латын сөзі-орнын
өзгерту)-прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда
сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу
тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер
құру. Мысалы, прозалық шығармаларды инверсияға
көбірек баратын-Ғ.Мұстафин мына өлеңді
алайық.
Сен
құрметте оны!
Түсіндің
бе қарағым?
Ол
ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден
кесіп аяғын,
Еріккеннен
ұстап жүрген жоқ,
Қолтықтағы
ұзын таяғын (Ә.Сәрсенбаев)
Фигураның тағы бір түрі-сөз
тастап кету, яки элипсис (грекше-түсіріп тастау, аттап айту)-сөйлем
ішінде немесе өлең шімағында атап айтпаса да түсінікті
кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.
Кейде
былапыт сөздерді, бүкпелей жұмсартып жатпай-ақ, тастап
кетсе де түсінуге болады:
Шап,
әкеңнің… дедім мен оған ақырып.
Элипсис
кейде адамның ішкі көңілін, шым-шытырық оқшау
сөздерімен ұғымдарын, шытырман психологиялық иірімдерін
аңғарту үшін де жұмсалады. Ала-құла ой,
қиыр-шиыр қиял, әрі-сәрі түс, кейбір қияли
кісінің күйініш-сүйініші. Осылардың бәрін элипсис
арқылы ұқтыруға болады. Мысалы: М.Әуезовтің
«Қарагөз» трагедиясындағы Қарагөздің сөздерін
алайық: «Жығылып барам: ұйықтайын ба? өлсем бе?…
құлап кетем, тау басынан ұшып келем… Жерде
тоғай…көп тоғай! Шақырады…»
Айшықтаудың
келесі түрі-егіздеу яки паралелизм (грекше-қатар жүру,
қатарласу)-екі ұдай құбылысты, сезімді,
ұғымды қатар қойып, жұптап суреттеу.
Адамның
көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен
салыстыра егіздеу, яки психологиялық паралеллизм; ақиқат
өмірдегі жақсылық пен жамандықты солар
қалыптастырған екі түрлі бітімді, осылардан туатын
адамдық пен зұлымдық туралы екі түрлі
ұғымды жарыстыра егіздеу тәрізді өмірдің
өзінен туатын әр түрлі шындықты қатар қойып
суреттеу тәсілі ақынның және жазушының тілімен
стиліне айтарлықтай ажар береді.
Аллитерация-(латын сөз дыбыстас)-шығармаларда
бірыңғай дауыссыз дыбыстардың қайталануы. Бүкіл
әлем поэзиясында ертеден қалыптасып келе жатқан
стилистикалық айшық (фигура); әдеби тілді ажарлап,
сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік
тәсіл.
Аллитерация-қазақ
мақал-мәтелдерімен жұмбақтарында жиі кездеседі. Мысалы.
Бейнет-бейт түбі зейнет; әуеден күбі түсті,
күбінің түбі түсті (күннің күркіреуі).
Осының бәрі сайып келгенде мазмұнды көркемдеу.
Ассонанс (латын
сөзі-үйлесім)-өлең сөзде дауысты
дыбыстардың үндесе қайталануы.
Ол
сөздің интонациялық-музикалық мәнін,
экспрессивтік-эмоциялық бояуын күшйтіп, ерекше елеулі
тұстарды дыбыстындырып,, ой-сезімнің әсерлілігін арттырады.
Орнымен үндескен сөздер әдеби тілдің өрнек
кестесіне әдемі ажар, айшық қосады.
Еңсесі биік,
ақ орда.
Еңкейіп сәлем
бер сана
Ернеулі жұқа
сарайы,
Ер сарқытын бер
сана (Ер Едіге жырынан)
Әдеби
шығарма белгілі бір қалыптасқан қалыптан
шықпайтын дүние емес, сондықтан оның тілі де сірескен
қағидаға бағынбайды.
Әдебиетте баяндау бар, суреттеу
бар. Баяндау шындықты
әншейін хабарлап, ауыз екі айтып
қана тынса, суреттеу құбылысты көзге елестетеді, жай сөйлемейді, сөзбен өрнек төгеді. Бұл үшін тілдің көріктеу құралдары
қолданылады. Олардың
бәрі-бір-бірімен өзара тығыз байланыстағы қарым-қатынастағы,
аралас-құралас жатқан
және жарыса қолданылып бірін-бірі ажарландырып, толықтырып жатқан сөздер жүйесі.
Бақылау
сұрақтары:
1. Поэтикалық
фигура деген не?
2.
Айшықтаудың (фигураның) қандай түрлері бар?
3. Арнаудың
өзіндік ерекшелігі және қандай түрлері бар?
4. Қайталау деген
не, оның қандай түрлері бар?
5. Шендестіру қандай міндет атқарады?
6. Градация (дамыту)
деген не, оның қандай түрлерін білесің?
7.
Троптың қандай түрлері бар және анықтамалары?
Пайдаланатын әдебиеттер
1.
А.Байтұрсынов
«Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989
2.
З.Қабдолов «Сөз
өнері» А., 1976, 1982, 1992
3.
М.Базарбаев
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» А., 1973ж
4.
З.Ахметов «Абайдың
ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995
5.
А.П.Квятковский «Поэтический словарь» М., 1966ж
6.
Ә.Тәжібаев «Өмір және
поэзия» А., 1960ж
7.
Б.Кенжебаев «Қазақ өлеңінің құрылысы»
А., 1955
8.
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі.
Құр. З.Ахметов А., 1997
Өлең құрылысы
(Поэзия мен көркем қара сөз)
Қаралатын
мәселелер:
- Абай өлең
туралы;
- метрикалық
өлең жүйесі, ерекшелігі;
- силлабо-тоникалық
өлең жүйесі;
- тоникалық
өлең жүйесі, оның өзіне тән
ерекшеліктері;
- силлабикалық
өлең жүйесі, бұған
қазақ өлеңдерінің жататындығы;
- ұйқас және
шумақ, буын және бунақ.
Көркем
әдебиеттің тілі
екі түрлі болатыны белгілі: а) еркін қолданыстағы тіл, яки проза (латынша-тікелей,
тура айтылған сөз);
б) белгілі бір
тәртіпке бағынған,
тізбекке түскен сөз, яки поэзия (грекше-творчество). Поэзия-көркем
әдебиеттің ертеден қалыптасқан бір саласы;
өлең, жыр түрінде шығарылған ұғым
қазіргі кезде өлеңмен жазылған шығармаларды
көркем прозадан, қара сөзбен жазылған әдеби
шығармалардан ажырату үшін қолданылады, соған
қарап айырмасы тек сырт белгісінде секілді көрінеді. Ал
шындығында поэзия мен көркем прозаның сапасында, ішкі
сипатында өзіндік ерекшелік бар екені сөзсіз. Тұтас алып
қарағанда поэзиялық шығармаға сезім-әсер
байлығы ерекше тән болады да, ал прозалық шығармаларда
баяндау, бейнелеу жағы басымырақ келеді. Поэзиялық
шығармаларға, өлең-жырларға,
дастан-поэмаларға айрықша тән-қасиет-өмір
құбылыстарын терең эмоциялдық, сезімталдықпен
қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды, көркем
етіп бейнелеу.
Поэзия деген ұғым тарихи жағынан алып
қарағанда ерте қалыптасқан, өйткені, қай
халықтың әдебиетін алсақ та, поэзия ерте заманнан
бастап дамып-өркендеген. Халық ауыз әдебиетіндегі ертегі,
аңыздар да қара сөз түрінде туғанмен поэзиямен
жақын, жалғас болады. Ал көркем проза кейін дамып
қалыптасты.
Қазақ әдебиеті Қазан
төңкерісіне дейін негізінен поэзия түрінде дамып,
өркендеді. Сондықтан халық поэзиясы деген ұғым
мен ауыз әдебиеті деген бір-біріне өте жақын, халық
поэзиясы әр түрлі жанрларды қамтиды: өлең-жырлар,
халық эпосы, яғни эпостық жырлар, дастан, поэмалар.
Қазақ әдебиеттерінде аттары белгілі ақындардың
шығармашылығы (творчество) үлкен орын алады,
ақындық поэзияның бірнеше ғасырлық тарихы бар.
Поэзия да, проза да тарихи-әдеби
процестің дамуына орай өркендеп-өсіп, жаңа
сипат-қасиеттермен толығып отырады. Сонымен, әдеби
шығарма атаулының бәрі осынау екі жүйеде-не
көркем қара сөз (проза) түрінде, не өлең
(поэзия) түрінде жазылады.
Сөйтіп, өлең-еркін сөйленетін жай
сөздер тіркесі емес, ырғағы мен ұйқасы белгілі
қалыпқа түскен, шумағы мен буғанына дейін белгілі
бір тәртіпке бағынған нақышты сөздер тізбегі,
Абай айтқандай, «сөз патшасы, сөз сарасы».
Өлеңдегі әрбір сөз адамның жан дүниесімен,
көңіл күйімен, сезім толқындарымен өзекті
байланыста; ұйқас пен ырғақ та, шумақ пен
бунақ та-бәі осыдан туған. Өлеңдегі әрбір
тыныс, үн, үзіліс адам жанын тебірентпей тынбайды. Өйткені
өлеңдегі әрбір «дыбыс мәні сөз мәнін
әрі толықтырады, әрі ауыстырады» (Лермонтов). Нағыз
ақынның құдірет күші сондай, ол өзі
жазған өлеңдегі «бір ғана образбен, бір ғана
сөзбен, қаласа, тіпті бір ғана дыбыспен… өмірді
өзгеше құбылыс қалпында, қозғалыс
үстінде әркімнің көз алдына әкеле алады»
(Некрасов). Өлең туралы Абайдан асып айтқан кім бар:
Өлең
сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер
данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы
тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін
айналасы.
Адам атаулының
туғаннан өлгенге дейінгі өмірі өлең екенін де
Абай былай тұжырымдайды:
Туғанда дүние есігін
ашады өлең,
Өлеңмен қара
жерге кірер денең.
Дүниеге келген
сәби жылап келеді. Үнінде ырғақ бар. «Ырғақ
бар жерде, өлең бар» (Маяковский).
Әлдилеу-ән, қыз ұзату-ән,
келін түсіру-ән. Бірі бесік жыры болса, бірі жар-жар, бірі-беташар
т.б. тіпті адамның өлімі де өлең:
жоқтау-ән.
Бақылау
сұрақтары:
1. Поэзия дегеніміз не?
2. Көркем
қара сөздің өзіндік ерекшеліктері.
3 Өлең
жүйелерінің қандай түрлері бар?
4. Метрикалық
өлең жүйесі қандай болады?
5. Силлабо-тоникалық
өлең жүйелерінің қандай ерекшелігі бар?
6. Тоникалық
өлең жүйесі.
7. Силлабикалық
өлең жүйесі және оған қазақ
өлеңдерінің қатысы.
8. Өлеңдер
құрылысына қарай қалай жіктеледі?
9. Қандай ұйқас
түрлері бар?
Пайдаланатын әдебиеттер
1.
А.Байтұрсынов
«Әдебиеттанытқыш» Кітапта: шығармалары. А.,1989
2.
З.Ахметов
«Қазақ өлеңінің құрылысы» А., 1964ж
3.
З.Ахметов «Өлең
сөздің теориясы» А., 1973
4.
З.Қабдолов «Сөз
өнері» А., 1976, 1982, 1992
5.
З.Ахметов «Абайдың
ақындық әлемі» А., «Ана тілі» 1995
6.
М.Әуезов «Әдебиет тарихы» «Ана тілі» 1991
7.
Б.Кенжебаев «Қазақ өлеңінің құрылысы»
А., 1955
8.
С.Негимов «Өлең өрімі» А., 1970,
9.
С.Негимов «Ақын-жыраулар поэзиясының
бейнелілігі» А., 1991
10. М.Х.Хамраев «Основы
тюркского стихосложения» 1963